Жаназа рәсімдері туралы кітаптың тұсаукесері өтті

959
Жаназа рәсімдері туралы кітаптың тұсаукесері өтті

Қазақстанның бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының атынан Шымкенттің орталық мешітінде ауызашар өтті. Ауызашар дастарханына телеарна және мерзімді басылымдардың басшылары мен тілшілер және ел ағалары жиналды.

Тілшілер мен зиялы қауым өкілдері үшін арнайы жасалған дастархан барысында діни рәсімдер топтастырылған кітаптың тұсауы кесілді. Бұл кітаптың жаңашылдығы сол — еліміздің әр өңірінде әр түрлі сипат алған діни рәсімдерді бір жүйеге салу.

Жаназа рәсімдері туралы кітаптың тұсаукесері өтті

Жаңа кітапта ысырапшылдық мәселесі де қамтылған. Бұған байланысты 40 жыл жоғарғы оқу-орындарында ұстаздық етіп, қазақ мәдениетін зерттеген Әмір Мұсақұлов діни рәсімдерге байланысты дастархан жасау кезінде халық арасында астамгершіліктің орын алғанын алға тартады. Профессор бай болсын, кедей болсын, кез келген адам шариғаттан алыстамау керегін айтады.

Жаназаға қатысты кітаптың дайындалуына 2 жыл уақыт жұмсалыпты. Мұнда марқұм болған кісіні жерлеу, құдайы ас пен садақа беру әдебі жан-жақты қамтылған. 12 мың данамен шыққан кітап еліміздің жер-жерлеріндегі мешіттерге таратылады.

Асқар Сәтпаев