Шілденің алдағы ыстық күндерін теңіз жағалауында өткізгіңіз келсе, «Изуми» сауда желісінен тауар сатып алыңыз. «Изумидің» басшысы клиенттеріне өнімдердің тек жаңа топтамаларын ұсынып қана қоймай, бағалы сыйлықтармен қуантуда. Ол үшін «Изуми» дүкенінің клиенті болсаңыз жеткілікті. Ұтыс ойынына қатысып, Түркияға жолдама ұтып алыңыз.
Сапалы сөмкелер, шабадан, теріден жасалған белдікті иемденуге бүгін сауда желісінің тұрақты келушілері жиналды. Солардың арасынан 30-дан астам жолы болғандар Изумиден бағалы сыйлықтар алды.
Ирина Бычкова, «Изуми» сауда желісінің басқарушысы: «Изуми» сауда желісінің құрылғанына биыл 17 жыл. Биыл біз тау баурайынан қонақ үй аштық. Сондықтан, қуанышымызды өз клиенттерімізбен бөліскіміз келді. Клиенттер арнайы бір сомадағы тауарды сатып алса, әр затқа купон беріледі. Ұтыс ойыны кезінде сол купондары арқылы сыйлықтар ұтып алуына мүмкіндіктері бар.»
Ал бағы жанған бірнеше азамат «Изуми тау» демалыс орнының сыйлық сертификаттарына ие болды. Жеңімпаздар бассейннің мөлдір суына шомылып, күнге қыздырынып, таза ауада демалатын болды.
Нүрия Зайниева: «Мен — «Изумидің» тұрақты клиентімін. Аяқ киімді тек осы дүкеннен аламын. Енді, міне, немерелеріммен бірге демалып қайтатын болдым. Өте қуаныштымын!»
Міне, ең қызықты сәтте келіп жетті. Ұтыс жәшігінен алынатын келесі нөмірдің иесі Түркиядағы Анталияға демалуға аттанады. Ең басты жүлдені ұтып алған Арайлым Қортаеваға екі адамдық жолдама берілді. Микрофонда өзінің есімі аталғанда бойжеткен қуаныштан жылап та жіберді.
Арайлым Көртаева, жеңімпаз: «Мен сондай бақыттымын! Тіпті, қуанышымды сөзбен жеткізе алмаймын. Осындай ойын ұйымдастырған «Изуми» басшысына алғысым шексіз. Қазір күйеуім жұмыста, бос уақытымызға қарай ендігі аптада Түркияға жол жүретін шығармыз.»
Қазіргі таңда «Изумидің» барлық дүкендерінде шілде айында өтетін сыйлықтардың купондары ойнатылып жатыр. Бұл айдың ең басты жүлдесі — Мысырға жолдама ойнатылады. Ендеше, «Изуми» дүкенінен киініп, шетелде демалыңыз!
Гүлжан Байназарова