«Равон» көлігін сатып ал да, пәтер ұтып ал!»

351

Айы оңынан туған жеңімпаз Шымкент қаласының тұрғыны. «Равоннан алтын кілт» атты акцияға қалай қатысуға болады және Өзбекстаннан шығарылатын темір тұлпарды сатып алушылар неге жиі таңдайды? Көліктің ерекшеліктері қандай?

Бұл жолы Бекмұрат Ходжақұлов «Номад Моторс» автосалонына су жаңа пәтер иесі ретінде қадам басты. Ағымдағы жылдың қаңтар айында ол «Равон» көлігін сатып алған. Сол көлігінің арқасында Алматы қаласынан бір бөлмелі пәтер ұтып алғанын хабарлағанда, алдымен сенбепті. Өмірінде бір жүлде ұтып көрмеген Бекмұраттың қуанышында шек жоқ.

Бекмұрат Ходжақұлов, Шымкент қаласының тұрғыны: «Мен басында сенбедім. Туған туыстарым қайта хабарласып, өтірік емес екеніне көз жеткіз дейді. Мен қайта хабарласқанымда, 100 пайыз рас екенін айтып, шулап құттықтады. Бәріне осындай үй жұғысты болсын».

«Равон» автокөліктері сенімділік пен сапа үйлесімі. Сонымен қатар, темір тұлпар құрастырушылары көлік салонындағы жайлылықты да естен шығармаған. Бұл әрине, кез-келген отбасына таптырмас темір тұлпар. Ең бастысы, қазіргі нарықта бағасы қол жетімді

Бұл «Равон» автокөілігін сатып алғандарға арналған екінші ұтыс ойыны. Бірінші жүлдеге Семей қаласының тұрғыны ие болған. Жеңімпазды кездейсоқ сандар генераторы анықтайды. Пәтерді ұтып алу үшін қаламыздағы ресми диллерден «Равон» маркалы автокөлікті сатып алу керек. Сіз автоматты түрде акцияның қатысушысы боласыз. Желтоқсан айына дейін жалғасатын ұтыс ойындарында әлі 4 пәтер ойнатылады. «Равон» автокөліктерін Темірлан тас жолы, 205-үй мекен-жайынан сатып алсаңыз болады.