Көлікті бақылау инспекторлары жүк көліктерінің салмағын тексерді

468
Көлікті бақылау инспекторлары жүк көліктерінің салмағы тексерілді

Шымкент-Ташкент тасжолында «Жол бойында қабылдау» акциясы өтті. Қазақстанның инвестициялар және жаңа технологиялар министрлігіне қарасты көлік комитетінің облыстық көліктік бақылау инспекциясы, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес департаментінің бірлескен бұл шарасына көлік прокуратурасы да қатысты. «Парасыз қоғам — ұлт болашағы», «Пара берме, пара алма» ұрандарын басты қағида еткен рейдте жүргізушілерге жол қозғалысы заңындағы жаңашылдықтар да түсіндірілді. Бұған қоса жүк көліктерінің салмақтары тексерілді. Егер көліктің салмағы тиісті қалыптан асып кетсе, жүргізуші немесе компания ірі сомадағы айыппұл төлейді. Жауапты мамандар жолдағы қабылдау акциясының мақсаты — жол қауіпсіздігін арттыру және ұсақ құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік принципін қалыптастыру дейді.

Көлікті бақылау инспекторлары жүк көліктерінің салмағы тексерілді

Жыл басынан бері тоғыс мыңға жуық көлік тексерілген. Соның ішінде 890-ға жуық заң бұзушылық фактісі тіркелді. Сөйтіп 34 млн теңге айыппұл салынған. Қазір заңға бағынбайтындардың қатары азайған дейді жауаптылар. Бұл да осындай рейдтік іс-шаралардың нәтижесі деп біледі құзырлылар.

Жүк көлігін мінген кейбір жүргізуші рейдтің талаптарына бағынғысы да келмеді. Таразыдан тартыншақтады.

Көлікті бақылау инспекторлары жүк көліктерінің салмағы тексерілді

Бетон артқандардың таразыдан тайсалатын да жөні бар екен. Белгіленген мөлшерден артық жүк тиегендерге енді айыппұл салынатын болады.

Айыппұл демекші, заңға енгізілген өззегріске сай, ереже сақтамағандар жеңілдікпен де төлей алады. Ол үшін тек елгезектік пен мүмкіндік керек.

Жанар Есенбекова