Шымкентте қызмет көрсету орталығында тұрған жүк көліктері өртеніп кетті

5746

Шымкентте техникалық қызмет көрсету орталығында тұрған жүк көліктері өртеніп кетті. Оқиға Алматы тас жолындағы «Жібек жолы» базарына қарама-қарсы бетте орналасқан орталықта болған.

Өрт сөндіру қызметінің жедел басқару орталығына 12 маусымда сағат 04:15-те жүк автокөліктеріне техникалық қызмет көрсету орталығындағы өрт туралы хабарлама келіп түскен. Қызыл жалынның жалпы ауданы 200 шаршы метрді құрады.
Өрт сағат 05:02-де оқшауланып, 05:20-да толығымен сөндірілді. Оны сөндіруге 10 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамның 59 адамы, Апаттар медицинасы орталығының үш қызметкері жұмылдырылды.

Орталық пен онда тұрған үш жүк автокөлігі зақымдалды. Мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Сонымен қатар  материалдық шығын көлемі есептелуде.