ОҚО журналистері Түркиядағы «Анадолы» агенттігінің жұмысымен танысты

399
ОҚО журналистері Түркиядағы «Анадолы» агенттігінің жұмысымен танысты

Оңтүстік Қазақстан облысының бір топ журналистері іс-тәжірибе алмасу мақсатында медиа саласы дамыған Түркияның Ыстанбұл қаласына жұмыс сапарымен барды. Делегаттар ең алдымен әлем бойынша ақпарат тарататын 10 орталықтың бірі саналатын «Анадолы» агенттігінің жұмысымен танысты.

ОҚО журналистері Түркиядағы «Анадолы» агенттігінің жұмысымен танысты

 

Онда қос тарап екі ел арасындағы ынтымақтастық пен байланыстар жайын және бүгінгі БАҚ саласының даму процесін сөз етті. Өз кезегінде «Анадолы» агенттігінің Ыстанбұл қаласындағы үйлестірушісі Иылмаз Яман оңтүстікқазақстаннан келген журналистерді ыстық ілтипатымен қабылдағанын айтып, бауырлас елдер арасындағы әріптестік ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

ОҚО журналистері Түркиядағы «Анадолы» агенттігінің жұмысымен танысты

Бір ғасырға жуық тарихы бар орталық әлемнің 85 елінен 11 тілде ақпарат таратады. Сонымен бірге Түркиядағы жаңалықтар кеңістігінің 63 пайызын құрайды. Орта есеппен күніне 1200 жаңалық тарататын агенттікте 2300-ге жуық азамат жұмыс істейді. Әлемнің 39 елінен өз кеңселерін ашқан «Анадолы» ақпарат агенттігі алдағы уақытта түркі тілдес Қазақстанда да өз бөлімшелерін ашуды жоспарлап отыр.

ОҚО журналистері Түркиядағы «Анадолы» агенттігінің жұмысымен танысты

Жұмыс жоспарлары біп аптаға жоспарланған Оңтүстік журналистері сонымен бірге, Ыстанбұл қаласындағы Қазақстан Республикасының бас консулымен кездесіп, тарихи-мәдени орындарына саяхат жасады.

ОҚО журналистері Түркиядағы «Анадолы» агенттігінің жұмысымен танысты

Айта кетейік, Оңтүстіктен барған БАҚ өкілдерінің жұмыс сапарын үйлестіруде Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мен Ыстанбұл қаласындағы өкілдігі атсалысты.

Еске сала кетсек, 28 маусым – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев тәжірибе алмасу мақсатында Түркияға күнгейдегі бас редакторлар мен меншікті тілшілерге, жалпы саны 20 адамға жолдама берген болатын.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі