Отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарын психологтар қабылдауда

804
Отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарын психологтар қабылдауда

Шымкенттің барлық емханаларында отбасылық зорлық-зомбылыққа тап болғандарды психологтар арнайы кабинеттерде анонимді түрде қабылдауда. Бүгін Шымкент қалалық №1 емханада облыстық прокуратура мен денсаулық сақтау басқармасы, «Сана-сезім» қоғамдық ұйымының өкілдері бірігіп, психологтарға арнайы семинар-тренинг өткізді. Бұл іс-шаралардың барлығы Қазақстанның бас прокуратурасының «Отбасылық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасының бастамасымен іске асырылып жатыр. Жеке салалық дәрігерлер, терапевтер мен гинекологтар да осы жоба аясында емханаларда зорлық-зомбылыққа ұшырағандарды қабылдап, кеңес береді.

Отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарын психологтар қабылдауда

Алдымен отбасылық зорлық зомбылыққа тап келген қыз келіншектің санасына серпіліс беру керек дейді сана сезімдіктер. Бүгінгі психологтардың семинар треннингінің де басты тақырыбы осы. Айтып өту керек, бұл іс шаралар — Қазақстанның бас прокуратурасының «Отбасылық зорлық зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасының нәтижесі.

Алма сатқанбаева, Қаратау аудандық прокуратурасыныңу прокуроры: «Амбулаториялық дәрігерлердің қабылдауы, психолог кеңесі зорлық зомбылық құрбандарына қажет дүние. Емханаларда анонимдік кабинеттер ашылып, жұмыс істеп жатыр…

Психологтардан бөлек тұрмыстық теперішке тап болғандарды гинекорлог, терапевт секілді жеке салалық дәрігерлер де анонимді түрде қабылдайды. Бұл мақсаттат Оңтүстіктің барлық денсаулық сақтау мекемелері жұмылдырылған.

Жанар Есенбекова