Шымкентте «Отбасылық зорлық-зомбылық Қазақстан» жобасының концерті өтті

445
Шымкентте

Шымкентте ауқымды концерт өтті. Іс-шара Қазақстанның бас прокуратурасы қолға алған «Отбасылық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты пилоттық жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Осы жоба аясында жүздеген отбасыға көмек көрсетіліп үлгерді. Енді прокуратура қызметкерлері жобаны Қазақстанның басқада облыстарында бастауды қолға алуда. Ал күні кеше Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін Қазақстанның эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

Бұл күні Әл Фараби алаңында елімізге танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева сынды өнер майталмандары оңтүстік халқын өз әндерімен қуантты.

Сахнаға жақын жерде қазақи оюлармен өрнектелген киіз үй тігілген. Киіз үй ішіне кіріп, әр тұрғын қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы мағлұмат ала алады. Прокуратура қызметкерлері осылайша қала тұрғындары мен қонақтарын қуантуды жөн санапты.

Шымкентте "Отбасылық зорлық-зомбылық Қазақстан" жобасының концерті өтті

Роза Рымбаева, әнші: «Бұл жобаның халыққа берері көп. Ел болып, жұмылып көмектескеніміз дұрыс. Себебі, барлығы шынайы адамдар, шынайы тағдырлар. Елімізде тыныштық болғанын қалаймын. Барлығымыздың деніміз сау, күліп жүргенге не жетсін!»

Бүгінде көмек көрсету орталықтары алыс аудандарда да ашылып жатыр. Жоба авторларының айтуынша, бұл – тек бастамасы ғана.

Салтанат Тұрсынбекова, Қазақстан Республикасы бас прокурорының аса маңызды істер жөніндегі аға көмекшісі: «Мен Оңтүстік халқынан дәл мұндай қолдауды күтпеген едім. Облыс басшыларынан бөлек бізге тұрғындар, жастарда көмек көрсетуде. Мені бұл өте қатты қуантты. Әр отбасында тыныштық пен ынтымақтың болғаны дұрыс деп ойлаймын.»

Бұл жобаны елімізге белгілі Сәкен Майғазиев, Алтынай Жорабаева және «Жігіттер» тобы да қолдады.