Парламент депутаты Бозарық тұрғындарының арызын тыңдады

328
Парламент депутаты Бозарық тұрғындарының арызын тыңдады

Қазақстан парламентінің депутаттары Оңтүстікте жүр. Күні кеше мәжіліс депутаты Құдайберген Ержан Бозарық алабының тұрғындарымен кездесті. Мұндағы халық биліктен коммуналды қызмет, тендер, мүлік, жерді заңдастыру мәселелері бойынша көмек сұрап отыр. Жаңа мектепте өткен жиынға жиналған қауым жеке басының емес, көпшіліктің мәселесін көтеруді. Ал Оңтүстік өңірінен сайланған халық қалаулысы жамағатқа осы сауалдары бойынша жәрдемдесуге уәде берді.

Бозарықтағы жаңа құрылыстағы жаңа мектепте өткен жиынға жиналған қауым жеке басының емес, көпшіліктің мәселесін көтеруде. Жолды жөндеуден бастап қоғамдық көлік, аялдамалар, елдімекенді газдандыру сияқты тұрмысқа қажет инфроқұрылымдар. Қаланың іргесіндегі шағынауданда жер мен мүлікті заңдастыруда күрделіліктер жеткілікті дейді тұрғындар.

Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты міндетін атқарғанына 1,5 жыл толған Құдайберген Ержан халықпен кездесуде көтерілген мәселелер қараусыз қалмайтынын және ол бойынша жұмыс жүргізілетінін нықтап айтты.

Парламент депутаты Бозарық тұрғындарының арызын тыңдады

Шағынауданның бұл бөлігінде электр жүйесі тартылып, жаңа жол салынуда. Алайда құрылыстың барысына және жеңімпаздарды анықтау мақсатында өтіп жатқан тендер төңірегіндегі келеңсіз жағдайларға көңіліміз толмайды дейді аға буын өкілдері.

Есепті жиындарға әкімдіктегілердің сөзін сөйлейтін азаматтарды арнайы шақыру, жөнсіз мақтау, мадақтау және уәдені оңды-солды беруді тоқтату қажет дейді тұрғындар. Халықтың билікке сенімін арттыру үшін шенділер де, депутаттар да өздеріне жүктелген міндетті абыроймен орындауы тиіс деп есептейді Бозарық тұрғындары.

Парламент депутаты Бозарық тұрғындарының арызын тыңдады

 

Парламент мәжілісінің депутаты Құдайберген Ержан Оңтүстік өңірінен сайланған жерлестері болғандықтан, жиында ешкім қысылмай, көкейіндегі базынасын жеткізуге тырысты. Жастар да қалыспай, елдімекендегі тұрғындарды мазалаған жер телімдерін мемлекет қажеттігіне қайтару мәселесін де көтерді.

Кездесуге қатысқан Қаратау ауданы әкімдігі мен Нұр Отан партиясының аудандағы бөлімшесінің өкілдері Бозарық тұрғындарының мәселесін хаттамаға енгізді. Мәжілісменнің алдында өз өкілеттігіне кіретін проблемаларды шешуге тырысатындарын мәлімдеді.