«Үндессін үнім әлеммен». Шымкенттегі Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония осындай тақырыппен жетінші маусымын қорытындылады. Әдетте классикалық және халық шығармаларымен ғана шектелетін өнер ұжымы бұл жолы жаңа жобасын таныстырды.
Шалқыған шабыт , күмбірлеген күй мен саздың сыйқыры ә -дегеннен-ақ әлем шығармаларымен үндесіп, келген көрерменді баурап алды. Көпшілік бір тыныспен күйдің құдыретін тапжылмай тамашалағанына куә болдық.
Дәурен — Сүгір атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестірінің бас дирижері. Тәжірибелі маман күй-қоржынның жаңаланып, заманауи үлгіде жұртшылыққа жол тартуында тартынбады. Тиісінше, ұжымдағы бір емес, 50-ге жуық өнерпаздарды бір мезет-бір уақытта шебер басқарып, сахнаның еркіндігін еңсеріп, тыңдарманға тосынсый жасады.
«Үндессін үнім әлеммен» тақырыбы аясында өрбіген сырлы кеште әлем жаһұттарымен қатар, жергілікті композиторлардың шығармалары да шет қалмад. Ұлы сазгер, вальс падишаһы Ш.Қалдаяқотың ән-қазынасы да үлкен құрметпен ұсынылды.
Өнерпаздар сахнада жаңа бағдарламасын таныстырды. Фольклорлық ансамбль халық қазынасын жаңғыртты. Ал Ш.Қалдаяқов атындағы филармония басшылығының айтуынша, маусымның жетістігі – ән-қоржынның жаңалануы ғана емес, ұжымның жылдық табысын саралау.
Осылайша 7-маусымын қорытындылаған Ш.Қалдаяқов атындағы филармония ұжымы араға ай салып, көрермен қауыммен қайта қауыщады. айта өтетін ақпарат, бүгінде аталған өнер ошағынгда 240 адам қызмет етеді.
Мөлдір Бекеева