Шымкентте үш мектеп директоры конкурспен тағайындалды. Қалалық білім бөлімінің 2017 жылғы 19 маусымдағы бұйрығымен №125, 128 және 129 жалпы орта мектеп директоры лауазымына конкурс жарияланған болатын. Хабарлама мәтіні «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан», «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінде жарық көрген.
Сонымен, директор лауазымына 8 үміткер өз құжаттарын тапсырып, конкурсқа қатысты. Нәтижесінде №125 жалпы орта мектеп директоры лауазымына — Сатыбалдиев Әсет тағайындалса, №128 жалпы орта мектепті енді Бейсебаева Разия басқарады. Ал №129 жалпы орта мектеп директоры лауазымына Алматов Ғалымжан тағайындалды.