Енді Асар-2 шағынауданындағы 7 көшеге келген жедел жәрдем, полиция және өзге де халыққа қызмет көрсететін мекемелер қажетті мекенжайын адаспай табатын болды. Қаратау ауданы әкімдігінің мамандары кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс жасап, мұнда көшелерге реттік сандар берілді. Тақтайшалар ілінді.
Жалпы, аудан бойынша 800-ден астам көше болса, бүгінгі таңда соның 300-ден астамында атау жоқ. Аудан әкімшілігі осы көшелерге жер-су атауларын беру тұрғысында халықпен жұмысты жалғастырмақ.
Бұдан бөлек Асар-2 шағын ауданы мен Қайнарбұлақ саяжайында тұрғындарға тазалық мәселесі түсіндіріліп, 20 жерге қоқыс қалдықтарын бей-берекет тастамау туралы тақтайшалар ілінген. Және аялдамалар жөндеуден өткізіліп жатыр.
Нұрлан Күдерұлы