Депутаттар Шымкент әкімінің есебін оң бағалады

412
Депутаттар Шымкент әкімінің есебіне оң баға берді

Шымкент қаласын басқарып келе жатқанына екі жыл болған әкім Ғабидолла Әбдірахымов 2017 жылдың 6 айында атқарған жұмысы туралы депутаттардың алдында есеп берді. Бір қызығы, шаһар басшысының баяндамасы оқылмай тұрып қабылданып кетті. Миллион тұрғыны бар Шымкенттің халқы сайлаған депутаттар осылайша көпшілікті таң қалдырды.

Шымкент халқының саны көбейді. Бүгінгі таңда шаһар халқы 932 мың тұрғын деген ресми ақпарат берілді. Осыншама халық тұратын шаһардан сайланған депутаттардың алдына егжей тегжей баяндамасын алып келген қала әкімінің аузынан бір ауыз сөз шықпай жатып халық қалаулылары Ғабидолла Әбдірахымовтың жұмысына бір ауыздан оң бағасын берді.

Депутаттар Шымкент әкімінің есебіне оң баға берді

Шымкенттік халық сенген дапутаттардың бұл қадамына таң қалған шаһар басшысы сөзді өзі сұрап алуға мәжбүр болды. Және қаланың алдағы даму жоспары туралы ойын ортаға салды.

Әкімнің шымкенті шырайлы етеміз деген уәдесін кезекті рет тыңдаған депутаттар шаһар басшысына сенімдері мол екенін көрсетті.

Сессияның күн тәртібіндегі екінші мәселе кезінде депутаттық сайлауға түсіп, көпшіліктің даусын жинаған Нұрлан Жұсыповтың өз еркімен депутаттық мандаттан бас тарту туралы өтініші қаралды. Өзінің айтуынша, ол іс-сапарға жиі шығатын көрінеді, ал бұл жағдай депутаттық міндетін атқаруға айтарлықтай кедергі келтіреді. Әріптестері түсіністікпен қарап, депутаттың бұл өтінішін қабылдады.

Нұрлан Күдерұлы