Азық-түлік бір жылда 25 пайызға қымбаттаған

28
базарда картоптың келісі 120-125 теңге

Азық-түлік бір жылда 25 пайызға қымбаттаған. Бағаны тежеу үшін кешенді шаралар қажет. Депутаттар Әлихан Смайыловқа сауал жолдады.

Инфляция былтыр 20 пайыздан асып кетті. Бұл болжамды көрсеткіштен 5 есе көп. Салдарымен емес, себебімен күресу керек. Ал қолданыстағы тәсілдер ескірген. Қабылданып жатқан шаралардан нәтиже жоқ. Көтерме-тарату орталықтары жағдайды реттеуі тиіс еді. Алайда, бастаманың өзі жеміссіз деп отыр депутаттар.

Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: «Жүйелі кешенді шаралар әзірлеу керек. Ол үшін алдымен еңбек өнімділігін арттыру қажет. Әсіресе, агроөнеркәсіптік кешенге басымдық беру керек. Екіншіден, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы өнімсіз шығыстарды қысқартқан жөн».