«Қыз Жібек». Облыстық опера және балет театрының ұжымы осындай тақырыптағы қойылыммен 10-маусымының шымылдығын түрді. Бірақ Евгений Брусиловскийдің танымал дастанының оқиға желісі әдеттегідей қайғылы трагедиямен тәмамдалған жоқ. Қойылым бұл жолы Жібек тұрмысқа шығып, мерекелік той-думанға ұласуымен ерекшеленді.
«Бұла боп өскен ерке, өр мінезді, ақылына көркі сай Қыз Жібекті сомдау бүгін жас әртіс Қаракөз Әбдішариповаға жүктелген. Қойылымда өнер иесі тек сөзбен ғана емес, операда ән салып, көрерменге ширек ғасырдың сырын жеткізуі тиіс. Ал сұлуға ғашық сері жігіт Төлегеннің кейпін ұсыну Мәдіхан Дүйсеевке бұйырды. Залдағы көрермен салт-санамыздағы сол бір пәк, кіркшіксіз махаббаттың куәгері болды.
Мәдіхан Дүйсеев, облыстық опера және балет театрының әртісі: «Қобалжу болды. Бірақ, рөлге етене енгенім соншалықты, өзімді бірауық Төлеген сезініп, кейіпкерімнің бойынан көп дүниені үйрендім. Үлкен вокалды қажетсінеді. Сондықтан, мен үшін диапазоны кең шығармаға образды, іс-қимылды кіріктіру аздап қиынға түсті».
Танымал дастан Ғ.Мүсіреповтың либреттосын тоғыстыра отырып жасалған. Ең алғаш туынды Оңтүстік сахнасында 2010 жылы қойылды. Бірақ бұл спектакль бүгінде республикалық театрларла ұсынылып жүрген “Қыз Жібек” операларынан мүлдем бөлек. Яғни, осы нұсқада Жібектің оқиғасы трагедиямен аяқталмай, керісінше, соңғы көрініс ұлан-асыр тойға ұласады.
Айта өтетін ақпарат, бүгінде қызметін бастағанына 9 жылдан асқан облыстық опера және балет теғатрында 217 адам қызмет етеді. Оның 147-сі шығармашылық ұжым.