«Қыз Жібек» жаңа форматта сахналанды

169

Опера және балет театры лиро-эпостық дастанның премьерасын ұсынды. Енді «Қыз Жібек» жаңа форматта көрсетіледі.

Сахнада театр актерлері көрерменге жырдың опералық нұсқасын ұсынды. Театр директоры Майра Мұхамедқызы қойылымға жаңа құрам, жаңа әдістер және театрдың көптеген жас актерлері қатысқанын атап өтті.

Майра Мұхамедқызы, Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры: «Қыз Жібек» рөлін сомдау өте қиын. Өйткені фильмдегі Қыз Жібек Меруерт апамыздың ойнағаны тарихта, көрерменнің көзайымына айналып, Жібек деген қандай дегенде Меруерт апайдың түрі жүрегімізге сондай ұялап қалған. Драма болсын, опера болсын ол рөлді ойнау өте бір қиын рөлдердің бірі. Бірақ опера жанры драмадан кинодан бөлек. Бұл жерде, сөз, ән, дауыс бар. Сондықтан оңай емес деп ойлаймын».

Гүлдана Дәурен