ОҚО әкімі: «Құрылыстың кешеуілдеуіне себеп көп»

ОҚО әкімі: "Құрылыстың кешеуілдеуіне себеп көп"

Жобалау-сметалық құжаттаманы əзірлеуде шетелдік тəжірибені қолдану қажет. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев осылай деп тапсырма берді. Шымкент қаласы еліміздегі үшінші мегаполиске айналуы үшін сәулетті құрылыс пен инфрақұрылымдық жарақтандырылуы әлемдегі өркениетті қалаларға тән дамуы тиіс. «Құрылыстың кешеуілдеуіне себеп өте көп. Соның бірі — жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу» деді әкім. Аймақ басшысы осы ретте түркиялық әріптестердің тәжірибесін пайдалануды тапсырды.

ОҚО әкімі: "Құрылыстың кешеуілдеуіне себеп көп"

Биыл Шымкент қаласында 20 әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 15 мектеп, 2 спорт, 2 мәдениет, 1 абаттандыру нысаны бар. Аталған 20 нысанның 11-і жыл соңына дейін ел игілігіне тапсырылатын болады. Алайда кемшін тұстар да жоқ емес. Мәселен, биыл қолдануға берілуі тиіс Шымсити қалашығындағы 9 қабатты 5 үйді ішкі инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі шешілмей отыр.

ОҚО әкімі: "Құрылыстың кешеуілдеуіне себеп көп"

Тұран шағынауданында электр, газ, инфрақұрылым салу бойынша 254 млн теңге игерілмеген. Ал облыстық бюджеттің қаржыландыруымен қала аумағында салынып жатқан 7 жол құрылысы мерзімінде аяқталмай, кешігуде.

ОҚО әкімі: "Құрылыстың кешеуілдеуіне себеп көп"

Жауаптылардың есібін тыңдаған облыс әкімі құрылыс жұмыстарын жүргізудегі кемшіліктерді тізіп берді. Мәселен, жергілікті мамандар жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеуде ұтылатын тұстар көп. Сондықтан жобаны бастамас бұрын бүге-шүгесіне дейін зерттеп, негізге алатын жобалау құжаттарды әзірлеуде шетелдік тәжірибелерге сүйену керек дейді әкім.

ОҚО әкімі: "Құрылыстың кешеуілдеуіне себеп көп"

Осылайша, құрылыс нысандарының уақытында тапсырылуы пысықталған жиында қаламыздағы Қонаев даңғылын батыс бағытқа қарай ұзарту әрі аспалы көпірлер мен жолайрықтардың сапалы болуы пысықталды. Ал тапсырманы орындамай, жұмысты уақытында тапсырмаған мердігер компаниялар алдағы уақытта жауапқа тартылатын болады.

Фото: Самат Мырзалиев