Оңтүстіктегі жастар саясаты оң бағасын алды

544

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізінде бастау алған Қаздауысты Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдық мерейтойына арналған «Қаз дауысты Қазыбек би жолымен: Бабаларға тағзым!» атты халықаралық автокеруені Оңтүстікке келіп жетті.

Керуен аясында Қазақстан Республикасының дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры Ғабидолла Абдуллаұлы Оспанқұлов облыстық жастар ресурстық орталығына арнайы келіп, облыстағы жастар саясатының жүзеге асуымен, тыныс-тіршілігімен танысты. Білім мен ғылымдағы, мәдениет пен өнердегі, спорттағы жетістіктерін көріп, марқайды. Жазғы маусымдағы жобаларды саралап, жастар уақытының тиімді өрбіп жатқанына көз жеткізді. Оң бағасын берді.

Ғабидолла Абдуллаұлы

Ғабидолла Абдуллаұлы сөзінің соңын «Жастардың болашағы үшін — Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған жоба-бағдарламаларының орны зор. Бүгінгі Оңтүстік жастарының жетістігі, қазіргі көрінісі — Елбасымыздың сарабдал саясатының жүйелі жүзеге асуы деп білемін. Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бастамаларымен таныстым. Үнемі ізденіс пен жауапкершіліктің жүгін сезіну арқылы атқарылған жұмыстар екені көрініп тұр. Расында, жастар саясатын жүзеге асыруда көш бастаушы Оңтүстік өңірі өзге де облыстарға үлгі бола алатыны қуантады. Осындай өзара тәжірибе алмасу, игі жобалар арқылы Еліміздегі жастардың өмірі жақсарып, келешегі жарқын болатынына сенім мол! «, — деп қорытындылады.