1. Оңтүстік Қазақстан облысында І жартыжылдықта жалпы өңірлік өнім көлемі 1,4 трлн теңгені құрап, өсім 101,5 пайызға жетті.
2. 2017 жылдың 7 айында облыста 439,1 млрд тегенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3 пайызға өскен.
3. ОҚО-да 187,8 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға артты.
4. Оңтүстікте биыл қосымша 297 кооператив құрылып, жалпы саны 539-ға жетті. Өткен жылға қарағанда 2 есе артқан. Кооперация құру жұмыстары бойынша Оңтүстік Қазақстан республика бойынша І орында.
5. ОҚО-да жыл басынан бері 2179 шағын мал бордақылау алаңы ашылып, жалпы саны 11 746-ға жетті. Ал осы уақыт ішінде 621 жанұялық сүт фермасы іске қосылып, 2 661-ге жетті.
6. Егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 27,4 мың га көбейтіліп, 816,2 мың га жетті.
7. 2017 жылы негізгі капиталға 229,9 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 31%-ға, яғни, 50 млрд теңгеге көп. Тиісінше, республикадағы көрсеткіштің 5,7%-ын құрады.
8. Өңірге көптеп инвестиция тарту мақсатында жыл басынан бері шетел инвесторларымен 40-тан аса іскерлік кездесу ұйымдастырылды.
9. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында биыл облыста 32 нысанның құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының нәтижесінде уақытша 4 460 жұмыс орны ашылды. 7 айда 2 мектептің құрылысы аяқталса, жыл соңына дейін 16 (6 апатты, 10 үш ауысымды) және облыстық бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен 3 мектептің (2 апатты, 1 үш аусымды), 3 инфрақұрылымды пайдалануға беру жоспарлануда.
10. «Нұрлы жер» бағдарламасының 5 бағыты бойынша 226 үй салынуда (10 879 пәтер, 737,6 мың шаршы метр). Биыл 115 үйдің (6 375 пәтер, 388,7 мың шаршы метр) құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Бүгінгі таңға жоспарланған 6 375 отбасының 3 123-і баспанамен қамтылды.
11. Республика бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны жағынан көш бастайтын Оңтүстікте бүгінде жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілері 177 709-ға жетті. Ал бұл салада жұмыспен қамтылғандар 331 490 адамды құраса, олар 158,3 млрд теңгенің өнімін өндірген.
12. Осы жылдың жеті айында 10 науқасқа бүйрек алмастыру, 3 науқасқа бауыр алмастыру отасы жасалды.
13. «Емханаға тіркел де – әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» науқаны аясында емханаға 2,8 млн адам тіркелген.
14. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны 1677-ке жетті. Бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 95-ке көп. Ал, 3-6 жас аралығындағы балалардың балабақшамен қамту көрсеткіші 170 мың бала пайызы – 86,1% (2016 ж – 84,6%).
15. Жаңа оқу жылында облыс мектептерінде 640 мыңға жуық оқушы (2016 ж — 611 мың оқушы) білім алады деп күтілуде, оның 73 мыңы бірінші сыныпқа барады.
16. ОҚО-да 79 білім беру нысаны салынуда. Оның ішінде жыл басынан бері 7 мектеп тапсырылса, оның алтауы жаңа мектеп. Ал 1 қыркүйек күні 20 мектеп пайдалануға берілсе, екеуі жыл соңында тапсырылады (2018 ж- 50 өтпелі). Осылайша биыл апатты 8 және үш ауысымды 12 мектептің мәселесі шешілетін болады.
17. «Серпін-2050» жобасы аясында Солтүстік, Шығыс, Батыс Қазақстан облыстарының және Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Атырау облыстарының жоғары оқу орындарында – 4 698 жас, колледждерде 929 жас білім алуда.
18. «Дипломмен ауылға» жобасы аясында биыл 966 маманға 153,8 мың теңге көлемінде біржолғы көтерме жәрдемақы қарастырылып, бүгінгі таңда 673 жас маман жұмысқа орналасты.
19. «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмек 14 457 отбасындағы 83 306 адамға 4,2 млрд теңге тағайындалып, төленді, олардың ішіндегі 17 406 еңбекке жарамды азаматтың 15 764-і тұрақты жұмыспен қамтылды. Бұл жобаны орындау бойынша өңіріміз республикада І орында.
20. Республикалық және Азия чемпионаттарында, әлем чемпионаттары мен кубоктарында облыс спортшылары 443 алтын, 421 күміс, 418 қола медаль жеңіп алды.
21. 2017 жылы су құбыры мүлдем жоқ 10 елдімекенде (12,3 мың халық) жаңа ауыз су құбыры тартылып, пайдалануға беріледі.
22. 2017 жылы өңірдегі 72 елдімекенде газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артқан. Жыл соңында 50 елдімекен, яғни 80 мың халық табиғи газбен қамтылады.
23. Облыстық және аудандық маңызы бар 801,8 шақырым жолда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жыл соңына дейін 115,4 шақырым жол пайдалануға беріледі.
24. «Рухани жаңару» бағдарламасының қоғамдық санасын жетілдірудің 6 бағытын жүзеге асыру аясында облыста 428 түрлі жоспарлы іс-шара жүргізілді және 95 жоба жүзеге асырылады.
25. Шекаралық Өгем өзені жөніндегі Өзбекстанмен келісім нәтижесінде 700 мың адам ауыз сумен қамтамасыз етілмек.
26. 2006 жылдан бері жабылған, халықаралық маңызы бар Ташкент — Термез бағытындағы автомобиль жолы мен «Сырдария» өткізу пункті қайта пайдалануға берілді.
27. Оңтүстік Қазақстан облысында тарихи-мәдени маңызы бар 1281 ескерткіш есепке алынды.
28. Индустрияландыру картасымен облыста жыл басынан бері құны 1,7 млрд теңге болатын 3 жоба іске қосылды. Ал жылдың соңына дейін 14жоба жүзеге асырылмақ.
29. 2017 жылы «Ontustik» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 11,3 мың кәсіпкерге көмек көрсетілді.
30. Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы 7% мөлшерлемемен 1 963 жобаны қаржыландырды.
Мәліметтер Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың облыстық мәслихаттың кезекті XIV сессиясында биылғы 7 айда атқарылған жұмыстар бойынша берген есебінен алынды.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі