Облыс мәслихатындағы тұрақты комиссияның отырысы өтті

178
Облыс мәслихатындағы тұрақты комиссияның отырысы өтті

Оңтүстікте облыс мәслихатының аумақтардың дамуы және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Депутаттардың қарауына бес мәселе ұсынылды. Оның алғашқысы — облыс әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі. Талқылау барысында ауыл шаруашылығындағы ағайынға қаржылай көмек көрсету, субсидия бөлу және жеңілдетілген жанар-жағармай секілді бірқатар ұсыныстар айтылды. Талқыға түскен тағы бір өзекті мәселелердің бірі — елдімекендерді газдандыру.

Депутаттардың қарауына ұсынылған 9 мәселенің маңыздыларына тоқталайық. Біріншісі — облыс әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі. Баяндамашы облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды өңірдің экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Өңірге инвестиция тартудан бөлек облыста 844 елдімекен орталық құбырдағы ауыз сумен қамтылған. Биыл осы салада 34 нысанға 4,7 млрд теңге бөлінген. Халықтың жағдайы жылдан жылға жақсарып келеді. Демеушілер есебінен 20 спорт алаңшасы салынып пайдалануға беріліп, спорт нысандарының саны бес мыңнан артқан. Жылдың соңына дейін 199 ауылда мәдениет үйлері бой көтереді. Күн тәртібіндегі кезекті мәселелер — мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту.

Депутаттар ұсынылған жобаларды бірауыздан қолдап, облыстық мәдениет басқармасының жергілікті деңгейде мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асуы жөніндегі есебі қызу талқыланды.

ЭКСПО-2017 көрмесінде біздің өңіріміздің өнерін жеткен жетістіктерін паш етуге облыстық бюджеттен 105 млн теңге қаралыпты. Депутаттар бұған қоса облыстағы орыс және қазақ театрларындағы жылу жүйелерін жөндеу бойынша ұсыныс күтетіндерін мәлімдеді.