Түркістан облыстық мәслихаты аппараты жаңа орынға қоныстанды

333

Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 25 жылдығына Түркістан облыстық мәслихаты аппараты мен депутаттық корпусқа керемет тарту жасалды.

Жылдың соңында облыс мәслихатының қызметкерлері хатшысымен бірге жаңа Түркістанның әкімшілік іскерлік орталығындағы жаңа ғимаратқа көшті.

Заманауи үлгіде салынған нысанда жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалған. Интернет жүйесі қосылып, мамамандар техникамен де қамтылды.

Халық қалаулылары да қажет болғанда осындағы кең бөлмелерде өңірдегі туындаған мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.

Шынар Оразова