Облыс мәслихаты депутаттығына 20 үміткер ұсынылды

224
ауылдық билік жаңарып келеді

Оңтүстік Қазақстанда мәслихат депутаттығына 20 адам өз үміткерлігін ұсынған. Арнайы өткен семинар-кеңесте облыстық сайлау комиссиясы төрағасы Әлібек Өмірәлиев өтініш білдіргендердің барлығы өзін өзі ұсынғандар екенін айтты.

ауылдық билік жаңарып келеді

Үміткерлердің арасында 1 адам облыстық мәслихатқа кандидатурасын ұсынса, қалғаны аудандық мәслихатқа сайланудан үмітті. Айта кетейік, биыл аймақта қосымша 46 сайлау учаскесі ашылды. Наурыздың жиырмасына белгіленген саяси науқанда облыс бойынша 1 млн 317 мың 225 адам дауыс береді деп күтілуде. Аймақта жалпы саны 1074 сайлау учаскесі жұмыс істейді.