«Адвокаттың сотта қатысуы және тараптардың тең құқықтылығы». Дәл осы тақырып облыстық сотта өткен дөңгелек үстелде талқыланды. Басқосуға прокурорлар мен адвокаттар да қатыстырылды.
Адвокаттардың біліктілігі ең алдымен өз имиджі үшін қажет. Осылай деген облыстық соттың алқа төрағасы Пірнияз мырза қорғаушылардың білім жетілдіруінің маңыздылығына тоқталды.
Сот процесін белгіленген уақытында бастаудың өзі мұң. Жұмыс нәтижелі болу жолында кездесетін проблемелар жетерлік. Судьялардың айтары — осы.
Басқосуға келген прокурорлардың тарапынан да келелі ұсыныстар айтылды. Адвокаттар да қиындықтар мен проблемаларға нақты тоқталып өтті. «Илегені — бір терінің пұшпағы.» Сот процесінде тараптардың тең құқығын сақтауды мұрат тұтқандар осылайша жұмысты жетілдірудің тетіктерін қарастырды.
Жанар Есенбекова