Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірге іс-сапармен келген Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновамен кездесті. Басқосуда тараптар саладағы атқарылып жатқан жұмыстар жайына тоқталды.
Атап айтқанда Тамара Қасымқызы өңірдегі «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы мен «Өрлеу» жобасы сынды маңызды бағдарламалардың орындалу барысына көңілі толатынын мәлімдеді. Министр ханым, сондай-ақ, облыстағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін халыққа түсіндіру жұмыстарын одан әрі жандандыру жайын облыс әкімімен талқылап, оңды нәтижелерге жетудің жолдарын қарастырды.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Самат Мырзалиев