Жанат Тәжиева: «Мектепке сауатсыз мұғалімдерді қабылдау — қылмыс!»

584
Оңтүстіктегі білім мекемелеріне электронды түрде тіркелуге болады

«Мектепке сауатсыз мұғалімдерді қабылдау — қылмыс!» Шымкент қалалық білім бөлімінің жетекшісі Жанат Тәжиева бүгін арнайы брифингте осылай деп мәлімдеді. Шаһардағы мектептерде мұғалімдердің жетіспеушілігі қатты байқалады. Дегенмен, осыған қарамастан кез келген адам мектепке жұмысқа қабылдана бермейді.

— Қалада жұмысқа қабылдаудың t-hunter бағдарламасы жасалған, ол өзін жақсы қырынан көрсетіп үлгерді. Сайтта қай мектепте қандай бос орын бар екені туралы ақпарат ілінеді. Үміткерлер өз түйіндемелерін жіберіп, тест қорытындысы бойынша жұмысқа қабылданады. Осы тұстай айтар болсам, жас мамандардың білімі өте төмен. Мысалы, олардың кейбірі пән бойынша 25 сұрақтың тіпті бесеуіне дұрыс жауап бере алмайды. Мысал үшін 324 бос орын жарияланған. Конкурсқа 517 маман қатысты. Солардың ішінен тек 176-сы ғана жұмыс қабылданды. Қалғандары білім дәрежесінің өте төмен екенін байқатты. Ал мен мектепке сауатсыз маманды қабылдау қылмыс деп есептеймін. Және бұлай жасай алмаймын — ұятым жібермейді, — дейді Шымкенттің бас педагогы Жанат Тәжиева.