Қала күні апта бойы тойланады

358

Шымкентте биылғы Қала күні мерекесі апта бойы атап өтіледі. Бұл жөнінде бүгін қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай жергілікті БАҚ өкілдеріне арнайы ұйымдастырылған брифингте мәлім етті. Қыркүйек айының 23-30 жұлдызы аралығын қамтитын мерекелік бағдарламаны қалалық мәдениет бөлімі ұсынуда.

– Биылғы Қала күні мерекесі Елбасының жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласымен үндес, орайлас аталып өткелі отыр, – дейді Қайрат Ырзақұлұлы. – Мерекелік бағдарлама 23 қыркүйек, яғни, сенбі күні арнайы жалпықалалық сенбіліктен бастау алады. Кең ауқымды мәдени, спорттық шаралар көпшіліктің көңілінен шығуы тиіс. Мерекені қорытындылаған гала-концертке Қазақстан эстрада жұлдыздары – Қайрат Нұртас, Қыдырәлі мен Қарақат, Ерке Есмахан, Бейбіт Кушкалиев, Абай Бегей, «Формат» және «MBAND» топтары қатысады деп күтілуде.