Шымкенттегі Металлургтер саябағы қайта жаңаруда

659

Кеңестің көзі болған Металлургтер саябағы кісі танымастай өзгерді. Қала әкімінің тапсырмасына сай енді саябақта қоршау болмайды мақсат саябаққа серуендеп демалуға келгендерге мейілінше жағдай жасау. Саябақтағы қайта құру жұмысын мердігерлер қазан айында аяқтамақ.

Күн санап гүлденген саябақты бүгінде тану қиын. Кезінде қоқысқа толып, ит серуендейтін орын болғанын қалалықтар әлі ұмытқан жоқ. Қараусыз қалған саябаққа келгендердің көңілдері құлазитын. Тоқырау заманын еске түсіретін жер еді. Енді, міне, жап-жасыл 3,6 гектар жер көгалдандырылып, субұрқақ жаңартылып жатыр. Осының бәрін көрген жерлестеріміздің қуаныштарында шек жоқ.

Сала мамандарының айтуынша, саябақтың аумағы да ұлғайған. Енді ол 5 гектарға жуықтады. Демалыс орнындағы заңсыз құрылыстар алынып, орнына демалушыларға қажет орындықтар, түрлі ескерткіштер қойылады.

Жалпы, Шымкент қаласы бойынша 8 саябақты күтіп, ұстау жоспарланған. Алдағы уақытта шаһардағы саябақтардың саны тағы көбеймек. Бүгінгі таңда мердігерлер ескі қоқыс алаңындағы жерді игеріп, саябақ салу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Айтуларынша қала халқының саны өскен сайын демалыс орындары да көбеюі тиіс.

Нұрлан Күдерұлы