«Әйелдің жасы — 18»: Дәстүрлі әнші Татьяна Бурмистрованың кеші

1911
"Әйелдің жасы - 18": Дәстүрлі әнші Татьяна Бурмистрованың кеші

«Әйелдің жасы — 18». Биыл Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иеері, дәстүрлі әнші Татьяна Бурмистрова осындай тақырыппен елге есеп берді.

Сахнадағы жылдар бойғы үзілісіне қарамастан Татьянасын жазбай таныды. Дәстүрлі әнші өнерге сарп еткен 30 жыл уақытын мұнда сүр сөзбен емес, әуезді әні арқылы жеткізді. Халықтың төл туындыларын- термелерін нақышына келтіре орындап, насихаттады. Осылай елге, жерлестерінің алдында есеп берді.

Шымкент әкімі тұрғын алабтарындағы жолдың сапасын тексерді

Меңгерген мамандығы дәрігер болғанымен, жасынан қазақы әндерге құмартып, оны шебер орындайтын әншіні жерлестерініің сағынғаныны бірден байқалды. Сахна төрінде қара домбырамен жүйіткей терме-жырды жаңғыртқан Татьяна Бурмистрованың тыңдармандары кештің төрінен табылды.

Қазақтың қара өлеңдеріне, халық әндеріне қанат бітіріп, оны шарықтай шырқаған Татяна Бурмистрова сөз арасында жерлестерімен сырласуды, ұлттық дәстүрді дәріптеуді де ұмытқан жоқ. Кеш кейіпкерінің осынау кешіне асығып, құрметке бөлеушілер қатарынан қала әкімі Ғ.Әбдірахымов та табылды. Шаһар басшысы Татьна Николайқызына құрметпен «Еңбегі үшін» медальін тақты. Облыс әкімі Ж.Түймебаевтың да арнайы алғыс хаты тапсырылып, иығына шапан жабылды. Ал дәстүрлі әншінің «Әйелдің жасы — 18» атты кеші енді еліміздің өзге де өңірлерінде жалғасын таппақ.

Мөлдір Бекеева