Бәйдібек ауданында тартылған инвестиция 22 млрд теңгеден асты

457
Бәйдібек ауданында тартылған инвестиция 22 млрд теңгеден асты

Биылғы 8 айда Бәйдібек ауданының инвестиция көлемі 22 млрд 427 млн 100 мың теңгені құрады. Ал өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1 млрд 824 млн 300 мың теңгеге жетіп отыр. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникация орталығында өткен баспасөз мәслихатында Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов мәлім етті.

Аудан басшысының айтуынша, биыл өңірде  ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 9 млрд 936 млн 200 мың теңгені құрады.

— 2017-2019 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенінің дамыту бағдарламасына аясында ауданда егістік жердің 88,9 мың гектары игерілді. Былтырмен салыстырғанда биыл егістік жердің көлемі 135 пайызға, яғни 23,1 мың гектарға артық иегірілді. Тамшылатып суару тәсілін 150 га енгізу жоспарланса, 2017 жылдың 8 айында 164 га енгізіліп, жоспар 109,3 пайызға артығымен орындалды, — деді Бақытбек Төленұлы.

Бұдан бөлек ауданда 19 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Бүгінгі таңға Боралдай ауыл округіндегі «Үлкен бұлақ», Бөген ауыл округіндегі «Байтах», Алғабас ауыл округіндегі «Арыстанды KZ» ауыл шаруашылығы кооперативтері несие алуға құжаттарын өткізіп, қаржыландырылуда.

2017 жылдың 8 айында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы 53 азаматқа 175 млн теңге несие берілген. Несие алған азаматтар 44 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып отыр.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі