Басқарма басшысы ләңгі тебуден рекорд орнатты

1758

ОҚО-да сымбатты шенеунік ләңгі теуіп, жұртты өзіне қаратты, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі. Спорттық шаралардың біріне қонақ ретінде қатысқан Оңтүстік Қазақстан облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев ләңгі тебуден шебер екенін көрсетті.

Тарқатып айтқанда, Шымкентте асық ату мен ләңгі тебуден облыс біріншілігі басталды. Додаға қатысушыларға сәттілік тілеп келген сымбатты шенеунік Нұртаев өзі де қызығып кеткен болу керек, ортаға шығып алаңсыз ләңгі тебе бастады.

Бір қызығы, жарыс қорытындысы бойынша Бәйдібек ауданының тұрғыны 42 ұпаймен жеңіске жетсе, шенеунік 45 ұпайға қол жеткізіп, чемпионнан асып түсті. Әрине, ол қатысушы болмағандықтан жүлдеден құр алақан қалды.