Бір топ тұрғын жөндеу жұмысына разы емес

«Жаңғырту жұмыстары жарытпады.» Кремл көшесіндегі №2А үйдің тұрғындары «Тұрғын үйлерді жаңғырту» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарға көңілдері толамай отыр. Айтуларынша, бұл бес қабатты үйге жөндеу жұмыстары 2015 жылы жүргізілген. Соның сапасыздығын алға тартқан қараша барлық құзырлы мекемелерге айтып-ақ келеді, бірақ құлақ түрген бірі болмапты. Тек уәдемен шектелетін жауаптыларды күтуден шаршадық дейді.

Бір топ тұрғын жөндеу жұмысына разы емес

Бұл бесқабатты тұрғын үй 1966 жылы қоланысқа берілген. Араға жарты ғасыр салып, екі жыл бұрын жаңғырту жұмыстары жүргізілген-тін. Үйдің шатырын алмастырып, подъездерін бояп, жертөлесін жаңалағаны үшін 8 млн теңге жұмсалған. Бірақ алғашқы жауын-шашында үйдің шатырынан су сорғалап, сыланған қабырғалары құлай бастаған. Жаңғырту бағдарламасының талабы бойынша тұрғындар 15 жылдың ішінде құрылысқа жұмсалған қаражатты қайтаруы тиіс. Ол қаржы әр отбасына бөлінген.

Зинайда Александровна: «Мен ай сайын осы сапасыз жасалған жұмысқа 1300 тенге ақша төлеймін. әлі 13 жыл бар. Өзім мүгедекпін, шатырдан су сорғалап, жауын-шашында әбден шаршатты. Жел тұрғанда төбедегі түнекейлер тақылдап маза бермейді. Бір жылдан бері көрген қорлығымызды ауызбен айтып жеткізу қиын.»

Бір топ тұрғын жөндеу жұмысына разы емес

Осыдан бір жыл бұрын «Тұрғын үй Шымкент» мекемесінің мамандары келеңсіздікті жоямыз деген болатын. Бірақ әлі өзгеріс жоқ. Көпшіліктің жан-айқайына биыл шенеуніктер келіп, танысып, бір жетіде жөндейміз деп кетті. Бірақ оған үй тұрғындары сенімсіз қарайды.

Шымкент қаласы бойынша жаңғырту бағдарламасы 2011 жылы басталған. Содан бері 130 көпқабптты үй жөнделді. Алдағы жылы тағы 100 үйді жөндейміз деген «Тұрғын үй Шымкент» МКК басшылары Кремль көшесіндегі №2А үйді жасаған мердігерді сотқа береміз дейді.

Енді жауаптылардың бұл жолғы уәделері қаншалықты орындаларына уақыт төреші.

Нұрлан Күдерұлы