Энергетиктер жаңа көліктерге ие болды

Шымкентте энергетиктерге су жаңа УАЗ автокөліктері табысталды. Қызметтік автомобильдердің кілтін «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС басшылығы аудандық электр желілері бөлімдерінің мамандарына ресми түрде ұсынды.

Айта кету керек, бұл жолы УАЗ-3909 автокөлігінің 12 данасы берілді. Оның әрқайсының бағасы – 4 млн 710 мың теңге. Бұл темір тұлпарлар шалғай елдімекендерге қызмет көрсететін энергетиктердің әжетіне әбден жарағалы тұр. Құрал-сайман артуға ыңғайлы жол талғамайтын көліктер қысы-жазы туындай қалған ақау кезінде таптырмас техника болып отыр.

Энергетиктер жаңа көліктерге ие болды

Бұдан бөлек жұмысшылар бригадасына жылжымалы электротехникалық Газель де табысталды. Құны 70 млн теңге тұратын көлік құралы желілердегі ақауды дер кезінде анықтап, кернеуді тұрақтандыруға қалтқысыз қызмет етеді.