«Оңтүстік ЖарықТранзит» Наурыз мейрамында спартакиада ұйымдастырды

69

«Оңтүстік ЖарықТранзит» серіктестігі ұжымы Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз мейрамын ерекше атап өтті. Компанияға қарасты Шымкент қаласындағы және Түркістан облысындағы қала және аудандардағы электр желілері қызметкерлерінің арасында шағын футболдан ұйымдастырылған сайыс тартысты қызық өтті. Серіктестік басшығылы мен кәсіподақ ұйымы жеңімпаздарды «Алғыс хаттармен» марапаттап, сыйлықтар табыс етті.

Наурыз мейрамында «Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясы қызметкерлерінің арасында шағын футболдан жарыс өтті. Шымкентте ұйымдастырылған сайыста «Энергопоток» серіктестігі, қалалық және Арыс қаласының электр желілері мамандары ептіліктерін көрсетті.

Файзулла Аманов, Шымкент қаласы бойынша тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы жетекшісі: «Мұндай жарыстар дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын. Соңғы екі жылда пандемияға қатысты өтпеген еді. Міне, биыл Наурыз мейрамының құрметіне шағын футболдан жарыс өтіп жатыр. Мүмкіндікті пайдаланып баршаңызды мерекемен құттықтаймын, отбасыларыңызға амандық тілеймін».

Командалар төрт топқа бөлініп, өзара сайысқа түсті. Төлеби ауданындағы футзалда ұйымдастырылған жарысқа Ордабасы, Сайрам, Түлкібас Төлеби, Қазығұрт аудандандық электр желілерінің қызметкерлері қатысып, шеберліктерін таныта білген ойыншылар жеңімпаз атанды.

Бақытжан Мұсабеков, Сайрам аудандық электр желілерінің бастығы:  «Біздің жігіттер бірінші орынды  жеңіп алды. Олар ойын барысында  дайындықтарын, ептілігін көрсетті, жарайды. Осындай жарыстар алда да ұйымдастырылып тұрса».

Мұндай кездесулер ұжымның ауызбіршілігін арттырып қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттауға мол мүмкіндік береді дейді энергетиктер. Бірінші топ командалары арасында тартысты өткен ойында Сарыағаш аудандық электр желілері мамандары топ жарса, екінші орынды мақтааралдық ойыншылар жеңіп алды, Келес аудандық электр желілері қызметкерлері үшінші орында.

Болат Тәукебаев, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС инженері, Сайрам аудандық электр желілерінің бастығы. «Жұмыста қалай жұмыс істесе ,ойында да барлық шеберліктерін  көрсете білді. Өте жақсы ойын болды. Құдай қаласа, мұндай жарыстар алда да ұйымдастырлады деген сенімдеміз. Жастарда талпынып,  құлшыныстарын көрсетуде».

Екінші топта сайысқа түскен ойыншылардың арасында Бәйдібек аудандық электр желілері мамандары шапшаңдық танытып, жеңімпаз атанса, түркістандықтар екінші орында жайғасты, ал Отырар аудандық электр желілерінің ойыншылары үшінші орында.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар алғыс хаттар және сыйлықтармен марапатталды.Бұл спартакиаданың бірінші кезеңі, қорытынды сайыс 1-ші сәуірде ұйымдастырылмақ.

Шынар Оразова