«Латын әліпбиі — уақыт талабы». Шымкентте осы тақырыпта «Қоғамдық келісім» мекемесі, Қазақстан халықтары ассамблеясының облыстық хатшылығының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Басқосуға келген түрлі ұлт пен ұлыстың өкілдері латын қарпінің мемлекеттік тілді дамытуға жасалған тарихи қадам десті.
Латын әліпбиіне өткен күн қазанның 27-жұлдызы — тарихи дата. Айтулы оқиға қазақ тілінің әлеммен қауышуына сеп болмақ. Тіпті төрткүл дүниеде тарыдай шашылған аз қазақ ана тілінде еркін сөйлеп, тіпті жаза білуі үшін де латынның орны ереке дейді грузин облыстық ұлттық мәдени орталығының төрағасы.
Ал Қазақстанның ұйғырлары латын әліпбиіне көшуді қазақ халқымен бірдей бастап кетіпті. Тіл үйрену үшін алшақтық болмауы керек дейді олар.
Латын әліпбиіне көшу технология тілін тез меңгеруге тиек болмақ. Осылай дескен ассамблея өкілдері алдағы айда атқарылар іс-шаралар тізбегін тағы бір пысықтап алды.
Жанар Есенбекова