Төлқұжат латын харпімен жазылатын болады

489

Тек төлқұжат қана емес, жеке куәлік, сондай ақ өзге де құжаттар 2021 жылдан бастап латын харпімен жазылып, берілетін болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ал бұл жұмыстар бөлінген қаражат есебінен жүргізілетін болады. Сондай-ақ, транслитерация ережелері жасалынуда. Яғни, өзге тілді онамастикалық атаулардың, шет мемлекеттер, әлем астаналары, мұхит, өзен, саяси карталарлардың атауларын қазақ тілінде латын харпімен берілуі зерттелу үстінде.

Аталған жұмыстардың аяқталуы 2021 жылдың желтоқсан айы деп көрсетілген. Сондай-ақ, блогерлерге мемлекет тарапынан латын харпіне көшуді насихаттағаны үшін 462,6 млн. теңге бөлінбек.