Оңтүстікте санавиациялық қызмет күшейтілді. Алыс шалғайдағы ағайынға жедел медициналық көмек көрсетуді үшін санавиациялық су жаңа төрт көлік табыс етілді. Сондай-ақ, облыстық клиникалық аурухана базасында ангиограф кешені іске қосылды. Енді жүрек талмасы бар азаматтарға тиімді жолмен ота жасалады.
Облысымыздың ең білікті медицина мамандары су жаңа санавиациялық көлікте күні-түні кезекшілік етеді. Заманауи медициналық құралдармен жабдықталған автокөлік арқылы дәрігерлер ауылдағы ағайынға медициналық жәрдем береді. Реанимациялық жедел жәрдем көлігінде жаңа туылған нәрестелер үшін кувез аппаратынан бастап, жасанды жолмен демалдыратын қондырғылар орнатылған.
Вячеслав ЦАЙ, дәрігер-реаниматолог: «Бұл көліктер күні түні жұмыс істейді. Облыстағы барлық аудандарға медициналық көмек көрсету үшін қатынайды. Ең бастысы жоғары мамандандырылған аппаратмен қамтамыз етілген. Сол үшін кез келген оқыс жағдайды көмек көрсетіп, тіпті ота жасауға да мүмкіндігі бар.»
Қазіргі таңда санавиациялық қызметке қосылған жаңа көліктер алғашқы шақыртуға бару үшін жолға шықты.
Лаура Нахыпқызы