Оңтүстікте дәрілік өсімдік жинап жүрген Ауғанстан азаматтары ұсталды

585
Оңтүстікте дәрілік өсімдік жинап жүрген Ауғанстан азаматтары ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері заңсыз дәрілік өсімдік жинаған Ауғанстанның азаматтарын ұстады. Көші-қон ролициясының қызметкерлері 2017 жылдың 2-4 қазаны аралығында өткен «Заңсыз келімсек» жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады. Іс-шараның мақсаты облыс аумағында заңсыз келушілерді анықтау, сондай-ақ, көші-қон заңнамамасын бұзғандарды анықтау мен қылмыстың алдын алу болып табылды.

Мысалы, Сарыағаш ауданының полицейлері рейд барысында ферула-дәрілік өсімдіктерді жинаумен айналысқан Ауғанстанның 108 азаматын ұстады. Шетелдіктердің құжаттарын тексеру кезінде ОҚО аумағында еңбек етуге рұқсат қағазы болмағаны анықталды. Қазіргі таңда заң бұзушыларға қатысты әкімшілік-құқық бұзушылық кодексінің 517-бабымен әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар, шетел азаматтарын заңсыз еңбекке пайдаланғаны үшін тәртіп сақшылары Қазақстанның 29 жастағы азаматын 519-баппен әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Оңтүстікте дәрілік өсімдік жинап жүрген Ауғанстан азаматтары ұсталды

Көші-қон полициясы қызметкерлері өзге де қызмет өкілдерімен бірлесе «Заңсыз келімсек» жедел іс-шарасының 3 күнінде көші-қон заңын бұзған мыңнан астам азаматты анықтады, оның ішінде 951 шетел азаматы бар. 469 заң бұзушыға ескерту жасалып, 128 азаматқа әкімшілік айыппұл салынды және 251 шетелдік әкімшілік қамауға алынды.

Оңтүстікте дәрілік өсімдік жинап жүрген Ауғанстан азаматтары ұсталды

ОҚО ІІД қабылдап-бөлу мекемесіне өзімен бірге жеке басын анықтайтын құжаты жоқ 101 заң бұзушы жеткізілді. Сот шешімімен 197 шетел азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды.

Көші-қон заңнамасын бұзған және шетел азаматын еңбекке заңсыз пайдаланғаны үшін Қазақстанның 94 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, ел аумағынан шығару туралы сот шешімін орындамаған 2 шетел азаматына қатысты қылмысты іс қозғалды.