Оңтүстікте дәрі шөптерді заңсыз жинаған 50 ауғандық ұсталды

435
Оңтүстікте дәрілік шөптерді заңсыз жинаған 50 ауғандық ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері заңсыз дәрілік өсімдік жинаған Ауғанстанның 50 азаматын ұстады. Бұл – Арыс ауданында жүргізілген табиғатты қорғау полицейлері рейдінің нәтижесі, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Оңтүстікте дәрілік шөптерді заңсыз жинаған 50 ауғандық ұсталды

 

Оңтүстікте дәрілік шөптерді заңсыз жинаған 50 ауғандық ұсталды

Рейд барысында ферула-дәрілік өсімдіктерді жинаумен айналысқан 51 азамат ұсталған. Полицейлер шетелдіктердің құжаттарын тексеру кезінде ОҚО аумағында еңбек етуге рұқсат қағазы жоқ болып шықты. Тәртіп сақшылары шетелдіктерді Арыс қалалық ішкі істер басқармасына жеткізіп, көші-қон полициясына мән-жайды анықтау үшін тапсырды.

Оңтүстікте дәрілік шөптерді заңсыз жинаған 50 ауғандық ұсталды

Оңтүстікте дәрілік шөптерді заңсыз жинаған 50 ауғандық ұсталды

 

 

Қазіргі таңда заңбұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік-құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабымен әкімшілік іс қозғалды. Жинақталған материалдар процессуалды шешім шығару үшін сотқа жолданады.