Бүгін облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында неміс этносының мәдениеті күні өтті. Мерекелік іс-шарада облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов құттықтау сөз сөйлеп, неміс этномәдени бірлестігінің елдегі берекелі бірлікті сақтап, нығайту бағытында атқарып жатқан жұмысына жоғары баға берді. Сондый-ақ, мемлекетіміздің саяси, экономикалық және мәдени дамуына лайықты үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға облыс әкімінің Құрмет грамотасын тапсырды.
Өз кезегінде облыстық «Возрождение» неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы Иосиф Бахман Елбасының сарабдал саясатының арқасында Қазақстан бүгінде барша этностардың құтты шаңырағына айналғанын айтты.
Салтанатты жиында Қазақстандағы неміс этносы тарихының, әдебиеті мен мәдениетінің көрмесі, этномәдени бірлестіктердің жанындағы шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасы көпшіліктің назарына ұсынылды.
Айта кету керек, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында 2,5 мыңдай неміс этносының өкілдері тұрады. 1992 жылы өңірімізде «Возрождение» неміс этномәдени бірлестігі құрылған. Ел бірлігін бекемдеу, тұрақтылықты сақтау бағытында атқарылған іс-шаралардың жанынан табылып келе жатқан бірлестіктің Төле би, Сарыағаш, Сайрам аудандары мен Кентау қаласында филиалдары бар. Жастар қанаты, түрлі мәдени үйірмелер мен жексенбілік мектептері жұмыс істейді.
Bu’gіn oblystyq «Qazaqstan halqy Assamblei’asy» g’i’maratynda nemіs etnosynyn’ ma’deni’etі ku’nі o’ttі. Merekelіk іs-s’arada oblystyq Qazaqstan halqy Assamblei’asy to’rag’asynyn’ orynbasary Murata’lі Qalmuratov quttyqtay’ so’z so’i’lep, nemіs etnoma’deni’ bіrlestіgіnіn’ eldegі berekelі bіrlіktі saqtap, nyg’ai’ty’ bag’ytynda atqaryp jatqan jumysyna jog’ary bag’a berdі. Sondyi’-aq, memleketіmіzdіn’ sai’asi’, ekonomi’kalyq ja’ne ma’deni’ damy’yna lai’yqty u’les qosyp ju’rgen bіrqatar azamattarg’a oblys a’kіmіnіn’ Qurmet gramotasyn tapsyrdy.
O’z kezegіnde oblystyq «Vozrojdeni’e» nemіs etnoma’deni’ bіrlestіgіnіn’ to’rag’asy I’osi’f Bahman Elbasynyn’ sarabdal sai’asatynyn’ arqasynda Qazaqstan bu’gіnde bars’a etnostardyn’ qutty s’an’yrag’yna ai’nalg’anyn ai’tty.
Saltanatty ji’ynda Qazaqstandag’y nemіs etnosy tari’hynyn’, a’debi’etі men ma’deni’etіnіn’ ko’rmesі, etnoma’deni’ bіrlestіkterdіn’ janyndag’y s’yg’armas’ylyq ujymdardyn’ kontserttіk bag’darlamasy ko’ps’іlіktіn’ nazaryna usynyldy.
Ai’ta kety’ kerek, bu’gіnde On’tu’stіk Qazaqstan oblysynda 2,5 myn’dai’ nemіs etnosynyn’ o’kіlderі turady. 1992 jyly o’n’іrіmіzde «Vozrojdeni’e» nemіs etnoma’deni’ bіrlestіgі qurylg’an. El bіrlіgіn bekemdey’, turaqtylyqty saqtay’ bag’ytynda atqarylg’an іs-s’aralardyn’ janynan tabylyp kele jatqan bіrlestіktіn’ To’le bi’, Saryag’as’, Sai’ram ay’dandary men Kentay’ qalasynda fi’li’aldary bar. Jastar qanaty, tu’rlі ma’deni’ u’i’іrmeler men jeksenbіlіk mektepterі jumys іstei’dі.