Оңтүстіктің оқушылары «Облыс тарихы» керуенімен жолға шықты

358
Оңтүстіктің оқушылары «Облыс тарихы» керуенімен жолға шықты

Жыл сайын дәстүрге айналған «Облыс тарихы» керуен шеруі биыл да жалғасын тапты. Жоба биыл облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен бесінші рет іске асып отыр. Шерудің мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында ел тарихы мен мәдениетін терең сіңіру.

Сондай-ақ, жастарымыз арқылы өңіріміздің табиғи, мәдени, тарихи мұраларын дәріптеу. Осындай жауапты іс-шараға әр ауданнан 10 оқушы тартылған. Олардың барлығы оқуда озат және әлеуметтік аз қамталған отбасының балалары. Жастар алдағы бес күн ішінде өңіріміздің киелі мекендерді аралайтын болады.

Оңтүстіктің оқушылары «Облыс тарихы» керуенімен жолға шықты

Айта кететін бір жағдай, оқушылар тек тарихи мекендерді аралап қана қоймайды. Олар керуен шеруі барысында алған әсерлерін қағаз бетіне түсіріп, шығарма жазып, түрлі сайысқа қатысатын болады. Ал жеңімпаздар облыстық білім басқармасының арнайы дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Жанерке Хұмар