Сайрам тұрғын алабындағы Сайрам су өзенінен өтетін өткелдегі қауіп әлі сейілген жоқ. «Оңтүстік жолдары» ММК жұмысшылары бірнеше күннен бері осы көпірдің бағаналарын нығайту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Алайда буырқанған өзен суы жұмысты жеделдетуге кедергісін келтіріп отыр, одан қалса көпірден ары-бері зуылдаған жүк көліктері де қауіпті күшейтуде дейді сала мамандары. Жүргізушілер өтуге болмайды деген жол белгісіне назар аудармайды, тіпті қойылған жол белгілерін талқандап кеткен. Ал тәртіпті қадағалайтын полицейлер көрінбейді.
Нұрлан Күдерұлы