Түркістан ҚІІБ-ның басшылығы ерекше қырағылық танытып, мал ұрлығын ашуға көмектескен 28 жастағы Сембиев Нұрдаулетті салтанатты түрде алғыс хатпен марапаттады.
Оқиға 2017 жылдың 8 қазан күні орын алған. Түркістан ҚІІБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің 31-жастағы тұрғыны арызданған. Ол арызында түнгі уақытта белгсіз тұлғалар еркін жайылымда жүрген АНГУС асыл тұқымды 6 бас сиырын ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын 3 миллион теңгені құрап отыр.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188 бабы 3 бөлігі «Ұрлық» бойынша Түркістан ҚІІБ-ның СДТБТ-не тіркелді.
2017 жылы қазан айының 8-күні таңғы уақытта Түркістан ҚІІБ-ның кезекші бөліміне 28-жастағы жергілікті тұрғын келіп, полицейлерге оны бір ер азамат малдарын базарға апаруын өтінгені жайында хабарлады. Бұл жүргізушінің күдігін тудырып, осы жайлы полицияға хабар берген.
Жеделізкесушілер жүргізушімен бірге базарға келіп, күдікті тұлғаны көрсетті. Тәртіп сақшылары мал ұрлаушыны «Ізін суытпай» ұстады. Ол Түркістан қаласының 1955 ж.т. тұрғыны болып шықты. Тергеу барысы анықталғандай, ұсталған азамат еркін жайылымнан малды ұрлап, сатпақшы болғанын, ал ақшасын өз қажеттілігіне жаратпақшы болған. Айғақты зат ретінде полицейлер ұрланған малдарды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 188- бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы