Зиялы қауым өкілдері латын әліпбиін талқылады

398

Бүгін күнгейде қазақ тілінің латын қарпіндегі нұсқаға өтуі талқыланды. Осы мақсатта Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында жоғарғы оқу орнының басшылары, қоғам қайреткерлері, ақын-жазушылар мен студенттер, БАҚ өкілдері бас қосты.

Күн тәртібінде – күні кеше Елбасыға ұсынылған латын графикасының нұсқасын талқылау. Бас қосқандар латын әріптерін үйрену ересектерден көрі жастарға жеңілдеу тиетінін жоққа шығармайды. Дегенмен, латын қарпіне ауысу – заман талабы деген зиялылар бұл мәселеде асығыстыққа бой ұрмай, төл әліппемізді жақсылап талқылау керек деп санайды.

Әлия Әділбек