Өзбекстанның екі азаматы Шымкентте уланып, ажал құшты

199

Шымкентте белгісіз заттан уланған екі азамат ажал құшты. Анықталғандай, олар Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты. Оқыс оқиға Мәртөбе тұрғын алабындағы жеке үйлердің бірінде болған. Қаза тапқан шетелдіктер 1982 жылы және 1998 жылы туған. Оқыс оқиға байланысты құзырлы орган өкілдері тексеру жұмыстарын жүргізуде.

ОҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 қараша Мартөбе тұрғын алабындағы Жаңа құрылыстағы уақытша тұрғызылған екі қабатты үйде екі азамат уланғаны жөнінде хабарлама түскен.