"Отырар" телеарнасының эфиріндегі "Ерекше жандар" бағдарламасына - 1 жыл АНОНС Жаңалықтар 

«Отырар TV» телеарнасының эфиріндегі «Ерекше жандар» бағдарламасына — 1 жыл

«Өзге емес, өзім айтам өз жайымды.» «Отырар TV» телеарнасының тікелей эфирінен шығатын «Ерекше жандар» бағдарламасына — бір жыл. Хабардың ерекшелігі сол — ондағы кейіпкерлер де, жүргізушілер де — мүмкіндігі шектеулі жандар. Жетістігін насихаттап, кемшін түсткен тұстарын жауапты мамандарға естіртуге бағытталған бағдарламаны тізгіндегендер халықаралық зағиптар күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырып, бір жыл бойы атқарған жұмыстарын қорытындылады. 40-тан аса кейіпкер, 40 түрлі тағдыр, 40 ерекше жан. Олар түрлі болғанымен, бір арнаға тоғыстыратын дүние бар. Олардың мүмкіндігі шектеулі болса да қоғамда түрлі салада жетістікке жетуде, өзгелерге үлгі-өнеге көрсетуде. Алайда тіршілік қамытын киген қарпайым…

Read More
"Рухани жаңғыру. Береке басы - бірлік" Жаңалықтар 

«Рухани жаңғыру. Береке басы — бірлік»

«Рухани жаңғыру. Береке басы — бірлік». Осы тақырып аясында бас қосқан өңір зиялылары облыс әкімі Жансейт Түймебаевпен кездесті. Келелі кездесу аясында қоғам болып келер ұрпақты есті етіп тәрбиелеу мәселесі көтерілді. Ал жаңғыруды өзіңнен баста деген ел ағалары өздеріне тиесілі міндеттің жүгі ауыр екенін айтысты. «Жаңғыруды өзіңнен баста». Кездесуде жиналғандардың басты ұраны осындай болды. Зиялылардың алдында сөз алған өңір басшысы әр азаматтың санасын жаңғырту арқылы өз ісіне, туған жеріне деген жауапкершілігін арттыруда ардагерлердің үлесі мол екенін атап өтті. Жасы келсе де қоғамдық өмірден шет қалмаған ел ағалары елбасының «Болашаққа бағдар: рухани…

Read More
Біркөлікке барар жолдағы ағаштар бұталуда АНОНС Жаңалықтар 

Біркөлікке барар жолдағы ағаштар бұталуда

Жұртшылық жол бойында өсіп тұрған ағаштарды шабуға қарсы. Бұтақтары қырқылса, кесірі тие ме деп қорқады. Алайда Леңгір қаласы әкімдігінің мамандары көптің көңіліне де, сөзіне де қарамады. Олар қаладан Біркөлік шатқалына барар жолдың бойындағы ағаштарды отап тастады. Осылайша талдарды жасартуды көздепті. Кесілген ағаштардың бұтақтары сол жерде-ақ отқа оранып, жағылуда. Осы келеңсіздікті көрген жергілікті тұрғындар ағаштарға араша болуға шақырады. Леңгір қаласына барар жолдағы ағаштар демеушілердің күшімен кесілген. Биліктегілер бюджеттен бір тиын да жұмсалмады деп отыр. Ал оның бұтақтарын тазартуды қаладағы бюджетік мекемелердің мойнына іліпті. Сол баяғы мектеп ұстаздары мен балбақша тәрбиешілері қолдарына…

Read More
Шымкентте Жұмат Шаниннің естелік тақтайшасы ашылды АНОНС Жаңалықтар 

Шымкентте Жұмат Шаниннің естелік тақтайшасы ашылды

Биыл Қазақтың тұңғыш халық әртісі, кәсіби режиссері, драматург Жұмат Шаниннің туғанына 125 жыл толды. Тарихи датаға орай күнгейде бірқатар игі жоба қолға алынып, жүзеге асты. Солардың бірі — «Театр дәнін тамырлатқан тарлан» тақырыбымен өрбіген еске алу шарасына еліміздегі мәдениет майталмандарымен қатар күнгейлік зиялы қауым өкілдері арнайы келді. Сондай-ақ, Жұмат Шаниннің шалғайдағы ұрпақтары да мәдени бастаманың төрінен табылды. Бұл күні қаламыздағы Нұрсәт шағынауданындағы қазақтың тұңғыш халық әртісінің құрметіне есімі берілген көшеге көпшілік жай жиналған жоқ. Кәсіби режиссер, драматург Жұмат Шаниннің тақташасының ашылу салтанатына арнайы бұрылып, тарихи сәттің куәгері болды. Айтулы шараға…

Read More
Мақталы қосалқы станциясы қайта жаңарды Компания жаңалығы 

Мақталы қосалқы станциясы қайта жаңарды

Мақтаарал ауданындағы Мақталы қосалқы станциясында жаңарту жұмыстары жүргізілді. Мұнда соңғы үлгідегі заманауи қондырғылар орнатылған. Баламасы жоқ су жаңа жабдықтар Ресейдің Санкт Петербург қаласынан алдырылды. Мақталы қосалқы станциясы — Мырзашөл өңіріндегі маңызды нысанның бірі. Алты бірдей елдімекенді сапалы электрмен қамтуда қуат таратушы негізгі орын болып саналады. Сондықтан қосалқы станцияның қалтқысыз жұмыс істеуі маңызды. Осыған байланысты «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС инвестициялық бағдарламасы аясында жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Мақталы қосалқы станциясында тозығы жеткен майлы 35 кВ Т-1 ажыратқышы қазіргі заманауи элегазды ажыратқышқа алмастырылды. Ал 10 кВ КРУН майлы ажыратқыштары су жаңа вакуумды ажыратқыштарға ауыстырылды….

Read More
Бексейіт Түлкиев атындағы орта мектепке - 50 жыл Жаңалықтар 

Бексейіт Түлкиев атындағы мектепке — 50 жыл

Биыл Төлеби ауданына қарасты Қасқасу ауылындағы Бексейіт Түлкиев атындағы орта мектептің ашылғанына 50 жыл толады. Әуелде Куйбышев, кейіннен Түлкиевтей дара тұлғаның есімін арқалаған білім ошағы жарты ғасырда талай түлектің қанатын қатайтып қақтырды. Спорт пен сурет саңлағының есімі бірелген мектепті кіл мықтылар бітірді десек, артық айтқандық емес. Сол мықтылар білім ошағының негізі қаланған тұста, сонау 1967 жылы бүгінге арнап аманат хат қалдырыпты. Әр қырында сыр жатқан, әр белінде жыр жатқан қасиеті мен қадірі асқан Қасқасу туралы ән де, ойлы әңгіме де көп. Алатаудың бөктеріндегі аялы ауыл тек тұмса табиғатымен ғана емес,…

Read More