Оңтүстіктен «Қасиетті Қазақстан» жобасына 23 орын енгізілді АНОНС Жаңалықтар 

Оңтүстіктен «Қасиетті Қазақстан» жобасына 23 орын енді

Оңтүстіктен «Қасиетті Қазақстан» жобасына 23 орын енгізілді. Бұл туралы облыс әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылхан  Темірхан мәлім етті.  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай өңірлік комиссия құрылып, «Қазақстанның киелі жерлері», «Қазіргі заманғы Қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Нәтижесінде өңірлік карта жобасы дайындалып, «Қасиетті Қазақстан» республикалық орталығына  облысымыздан 104 нысан ұсынылды. Қазіргі таңда республика бойынша 100 нысан іріктелініп алынса, оның ішіне Оңтүстік Қазақстан облысынан 23 нысан еніп отыр. Қалған 81 тарихи-мәдени ескерткіш жергілікті маңызы бар қасиетті, киелі жерлердің тізіміне енгізілген. —…

Read More
Оңтүстікте биыл 6500 отбасыға 19 млн теңгеден астам көмек көрсетілді АНОНС Жаңалықтар 

Оңтүстікте биыл 6500 отбасыға 19 млн теңгеден астам көмек көрсетілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облыстық өкілдігінің бастамасымен «Асар» қайырымдылық шарасы аясында биыл өңірде 8 отбасыға баспана берілген. Бұл игі шара болашақта жалғасады. Бұдан бөлек жыл басынан бері 6500 отбасыға жалпы сомасы 19 млн теңгеден астам қаржы көмек ретінде үлестірілді. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбек мәлім етті. Сонымен қатар ҚМДБ-ның өңірдегі өкілдігінің бастамасымен «Рухани жаңғыру» шарасы аясында үндеу қабылданған болатын. Оның мақсаты — өңір тұрғындарын үнемшілдікке үгіттеу. Бүгінгі таңда бұл бастама көпшілік тарапынан кеңінен қолдау тауып…

Read More
ОҚО-да терризмге қатысы бар күдіктілер ұсталды Жаңалықтар 

ОҚО-да лаңкестікке қатысы бар күдіктілер ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті терроризмге қатысы бар деген күдікпен 11 азаматты ұстады. Бұл туралы аталған уәкілетті органның баспасөз қызметі хабарлайды. Арнайы операция бүгін өткен. Терроризмді наихаттау мен діни алауыздықты ушықтырды деген күдікпен Шымкент қаласы мен Сайрам ауданының 11 тұрғыны ұсталды. Аталған азаматтар Ватсап мессенджері мен ғаламтордың басқа да әлеуметтік желілерде жүйелі түрде ДАИШ экстремистік ұйымы мен басқа да халықаралық террористік ұымдардың идеологиясын насихаттайтын хабарламаларды жүйелі түрде жариялап келген. ҰҚК-нің мәліметінше, тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда.

Read More
«Жасыл экономика» тұжырымдамасын іске асыру барысы талқыланды АНОНС Жаңалықтар 

«Жасыл экономика» тұжырымдамасын іске асыру барысы талқыланды

Оңтүстік Қазақстан облысында «Жасыл экономика» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында негізгі 7 міндет анықталған болатын. Соған сәйкес өңірде биыл 7,8 мың гектар жерге тамшылатып суару әдісі қолданылса, 643 гектарға жаңбырлатып суару әдісі енгізілген. Сондай-ақ, өңірде суармалы жердің көлемін ұлғайту үшін 2 су қоймасы іске қосылды. Бүгін бұл туралы облыс әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Иляс Құрамысов мәлім етті. Басқарма басшысының айтуынша, алдағы жылы Ордабасы ауданы мен Түркістан қаласында жалпы көлемі 57,2 млн текше метрді құрайтын жаңа екі су қоймасы салынатын болады. Сондай-ақ, облысымызда су…

Read More
Шымкенттің шенеуніктері қызметтік көліктеріне қайта мінді АНОНС Жаңалықтар 

Шымкенттің шенеуніктері қызметтік көліктеріне қайта мінді

Шымкент қалалық әкімдігінің шенеуніктеріне қызметтік көліктері қайтарылды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметінің жетекшісі Айгерім Жұмағұлова мәлімдеді. Еске салайық, бір ай бұрын бұл қызметтік көліктер тұраққа қойылып, бір ай бойы қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары мен аудан әкімдері және олардың орынбасарлары қызметтік көлікті пайдалану мүмкіндігінен шектелген болатын. — Шаһар әкімі тәжірибе ретінде шенеуніктерге де қарапайым халықтың жағдайымен танысуды ұсынды. Яғни, әкімдіктің жоғары лауазымды қызметкерлері күн сайын басқа да қалалықтармен бірге жұмысқа қоғамдық көлікпен қатынады, — дейді Айгерім Жұмағұлова. — Шенеуніктер автобустармен жай қатынап қана қоймай, қоғамдық көліктердің лық толуы, жолаушыларға көрсетілетін…

Read More
Түлкібастың көкөніс консервілері Қытайға экспортталуда АНОНС Жаңалықтар 

Түлкібастың көкөніс консервілері Қытайға экспортталуда

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы «Байтерек 4» ЖШС жұмысы қарқын алған. Көкөніс консервілеумен айналысатын мекеме жылына 1,5 мың тонна болатын 28 түрлі өнім шығаруда. Кәсіпкер тауарлардың басым бөлігін Алматы қаласы мен еліміздің батыс өңірлеріне жіберуде. Бүгінде табиғи, экологиялық таза өнімдерге Қытай халқы да қызығушылық таныта бастаған. — Біздің өнімге күн санап сұраныс артып келеді. Тұтынушылардың көңілінен шыққандықтан деп ойлаймын, қазір шетелдік нарыққа аяқ басып отырмыз. Жазғы уақытта 40 адам жұмысқа тартылған. Ал қазір 20 адам жұмыс жасауда, — деді «Бәйтерек 4» ЖШС директорының орынбасары Бақытжан Оспанов. Өңделетін көкөністер Сайрам ауданынан…

Read More