Аграрлы саладағы қандай қызметтерді онлайн алуға болады?

291

Аграрлы саланы дамытуға ден қойған елімізде ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды ендіру мәселесі де өзекті болып отыр. Осы орайда eGov порталында онлайн форматта алуға болатын ауылшаруашылық қызметтері бар. Яғни, Электронды үкімет порталында тек мекенжай анықтамасын ғана емес, сонымен қатар егін және мал шаруашылығына қатысты құжаттарды рәсімдеуге байланысты қызмет түрлеріне өтінім жіберуге болады. «Ақпаратты Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған бұл қызмет түрлеріне шолу жасалық.

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
1. Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру.

Қызмет құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
7 жұмыс күні

 

2. Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру
Қызмет құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
30 минут

3. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау
Қызмет құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға құжаттар тапсырған сәттен бастап – 17 жұмыс күні
Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бойынша – 16 жұмыс күні

4. Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру
Қызмет құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
3 жұмыс  күнi

5. Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу
Қызмет құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
10 жұмыс күнi

Егін шаруашылығы

1. Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау
Қызмет құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
6 жұмыс күнi

2. Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналарыАуылшаруашылық техникасының ауыртпалығының бар/жоқтығы туралы анықтама беру
Қызмет құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ — 1 жұмыс күнi
Порталда- 30 минут
3. Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу
Қызмет құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
22 жұмыс күні

4. Шиті-мақта сапасына куәлік беру
Қызмет құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
5 жұмыс күні

5. Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау
Қызмет құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
37 жұмыс күнi

6. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау

Қызмет құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
4 жұмыс күні

7. Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық екпелерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау
Қызмет құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
11 жұмыс күнi

8. Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау
Қызмет құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
37 жұмыс күнi

9. Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау
Қызмет құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
22 жұмыс күні

9. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау
Қызмет құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
23 жұмыс күні

10. Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау
Қызмет құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
14 жұмыс күні

11. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау
Қызмет құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
— өтініш иесінің деректері бойынша ауыл шаруашылық өсімдіктерінің сұрыптарын бағалау және сынауларды жүргізуде – 1 жылға дейін;
— мемлекеттік сұрыптық сынау деректері бойынша ауыл шаруашылық өсімдіктерінің сұрыптарын бағалау және сынауларды жүргізуде  — кемінде 12 жыл;

12. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау
Қызмет құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
5 жұмыс күні

13. Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау
Қызмет құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
5 жұмыс күні

14. Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау

Қызмет құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
23 жұмыс күні

15. Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау
Қызмет құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
28 жұмыс күні

ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
1. Ветеринариялық анықтамалар беру
Қызмет құны
Тегiн
Қызмет көрсету мерзімі
1 жұмыс күні

2. Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу
Қызмет құны
Тегiн
Қызмет көрсету мерзімі
Ауыл шаруашылық жануарларын сәйкестендіруді жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес

3. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру
Қызмет құны
Ақылы
Қызмет көрсету мерзімі
5 жұмыс күні

4. Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия алу
Қызмет құны
6 АЕК
Қызмет көрсету мерзімі
Лицензия беру үшін – 15 жұмыс күні.
Лицензияны қайта рәсімдеу үшін — 3 жұмыс күні.
Лицензияның төлнұсқасын беру үшін — 2 жұмыс күні.

PS. eGov порталында ауыл шаруашылығы бойынша
Егін шаруашылығы жөнінен 28 қызмет түрі
Мал шаруашылығы жөнінен 7 қызмет түрі
Ветеринарлық бақылау бойынша 9 қызмет түрі қолжетімді

Бұл қызмет түрлерінің барлығын да eGov электронды үкімет порталына кіріп, мына сайт мекенжайы арқылы алуға болады:
http://egov.kz/cms/kk/categories/agriculture