Шымкент қаласының үш тұрғыны Kaspi.kz ұйымдастырған ерекше акцияның ұтысына ие болды. Жеңімпаздарға уәде етілген iPhone 8 смартфондары тапсырылды. 6 қараша күні Шымкент қаласындағы Kaspi филиалында өткізген марапаттау шарасына //otyrar.kz порталының тілшілері куә болды.
Kaspi мұндай акцияны Шымкентте бірінші рет өткізіп тұр. Еске салайық, іс-шара 20 қыркүйекте басталған еді. 1 қарашаға дейін Kaspi.kz сайтында 1 мың теңгеден төлем жасаған адам автоматты түрде ұтыс қатысушысы атанды.
— Акция өткізілген уақытта 30 мың Шымкент тұрғыны Kaspi.kz қызметін пайдаланып, коммуналдық төлем жасады — ұялы телефонға бірлік салды және басқа да қызметтер үшін төлем жасады. Үш жеңімпаз кездейсоқ сандар генераторының көмегімен анықталды. Бас жүлдеге 22 жастағы Аида Даниярова ие болды. Ол Kaspi-ден iPhone 8 смартфоны мен Алматыға сапар жолдамасын сыйлыққа алды. Ал екі iPhone 8-ге Нұрғали Нарходжаев пен Алина Өтепбаева ие болды, — дейді Kaspi өкілдері.
Нұрғали Нарходжаев — балалар дәрігері, хирург. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацепитикалық академиясында жұмыс істейді. Балаларды емдейді, дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру курсында дәріс береді. Жары Айнұр – врач-педиатор, отбасында ұлы мен қызы өсіп келеді.
«Коммуналдық қызмет пен телефонға Kaspi.kz арқылы төлемді жарты жылдан бері жасап келемін,- дейді Нұрғали. — Бұған дейін бұл қызмет туралы жиі еститінмін, бірақ бәрі қиын шығар, тіркелу үшін бөлімшеге бару керек деп ойлайтынмын. Бірақ, тіркелу өте қарапайым болып шықты. Тікелей сайтта тіркеле бересіз. Үйімнің жанында Kaspi терминал бар, Kaspi-әмиянға қаражат салып, керек қызметке онлайн төлеймін. Акция туралы тіпті білген жоқпын. Маған хабарласқанда таңқалдым, әлі күнге дейін сене алмай жүрмін.
Алина Өтепбаева отбасында бір ай бұрын ғана үшінші баласы дүниеге келді. Үлкен балалары үш және екі жасар. Алина ОҚО дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-де жұмыс істейді. Қазіргі кезде бала күтімен байланысты демалыста.
— Маған Kaspi қызметінің көпшілігі ұнайды, — дейді Алина. — Kaspi Gold картасын қолданамын, қалаған затымды Kaspi Red клубы арқылы сатып аламын, телефон мен пәтерақысын 2012 жылдан бері Kaspi.kz арқылы төлеймін. Алайда акция жеңімпазы боламын деп ойлаған жоқпын. Жақсы көңіл-күй сыйлайды!
Акцияның басты жеңімпазы Аида Даниярова жақын күндері Алматыға келіп, Kaspi кеңсесінде қонақ болады, Басқарма төрағасы Михаил Ломтадземен және Kaspi.kz-тегі төлем қызметін дамытумен айналысатын үлкен командамен танысады.
— Біз қонаққа қалай жұмыс істейміз, қызметті қалай дамытудамыз, соны көрсетіп, біздің сүйікті клиенттерімізге уақыты мен қаражатын үнемдеуге көмектесетін жаңа мүмкіндіктер туралы айтамыз», — дейді Kaspi-де. Otyrar.kz Аиданың сапары туралы фоторепортаж дайындап, назарларыңызға ұсынады.