Сарыағашта жанармай бекетін тонағандар ұсталды

282
Сарыағашта жанармай бекетін тонағандар ұсталды

Сарыағаш ауданында жанар-жағармай құю бекетін тонаған қылмысты топ құрықталды. Биылғы сәуір айында тонаушылар 200 мың теңгені кассадан үптеп кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен болатын.

Қазан айында Сарыағаш аудандық ішкі істер бөлімінің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде үш күдікті ұсталды. Олар — 1993 және 1996 жылы туған Сарыағаш ауданының тұрғындары. Тінту барысында күдіктілердің бірінен қару оқтары тәркіленген. Қазір күдіктілердің төртінші сыбайласы іздестіріліп жатыр.

ҚР ҚПК-нің 191 және 287-баптары бойынша қылмысты іс қозғалды.  Қазір сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүріп жатыр.

Осындай қылмыстардың алдын алу мақсатында Сарыағаш аудандық полиция басшылығы 30 жанар-жағармай бекетінің өкілдерімен кездесу өткізді. Полицейлер қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында барлық нысандарға бейнебақылау мен дабыл нүктесін орнатуға кеңес берді.