Шымкент жастары сөзден іске көшті

338

Жаңғыру жазудан басталады. Шымкенттің жастары осындай атаумен акция ұйымдастырды. Акция аясында белсенділер халық арасында сауалнама жүргізіп, соңғы бекітілген латын әліпбиімен түрлі интеллектуалды ойындар ұйымдастырды. Латын қарпіне көшу – елдігіміз бен егемендігімізді айқындайтын, халықтың сауаттылығын танытатын көрсеткіш.

Жарты жыл қызу талқыланған латын әліпбиіне қатысты мәселе мәресіне жетті. Биылғы 27 қазан күні Елбасы қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды. Осыған орай Шымкент жастары сөзден іске көшті. «Бізбен бірге» еріктілер мектебінің өрендері халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бірінші халықтан жаңа өзгеріс туралы ойларын сұрап, кейіннен әліпбиді пайдалана отырып интеллектуалды ойындар ұйымдастырды.

Шымкент жастары сөзден іске көшті

Динара Хайтметова – Мардан Сапарбаев атындағы гуманитарлық институтының ІІ курс студенті. Жаңа өзгерістерге тек оң пікірін білдіреді. Үш тілділік реформасы бойынша білім алып жүрген жастарға жаңа әліпбиді меңгеру қиынға соқпайды дейді ол.

Шымкент жастары сөзден іске көшті

Динара Хайтметова: «Кей әріптерді, мысалы, қ, ғ әріптерін ауыстырған, бірақ біз үш тілді дамыту деп Елбасымыз айтып өткендей, үш тілде оқып жүрген студент жастар болғандықтан, бұл бізге қиындық туғызбайды. Ағылшын тілін жетік меңгергендіктен, көп әріптер бізге таныс, сол үшін барлығы оңай.»

Иә, шекесін үтірмен түрткен жаңа әріптер бүгінгі күннің жас толқынына мүмкін таңсық емес шығар, бірақ орта жастағы жандар, тіпті, аттарын жазуда қиналғаны рас.

Шымкент жастары сөзден іске көшті

Бұл ғана емес, халық тарапынан жаңа әліпбиге байланысты қиындық туғызатын ескертулер мен кемшіліктер де айтылды. Оны өздеріне түртіп алған еріктілер назарға алып, билікке жеткізуге тырысамыз дейді.

Ботакөз Ізтілеу, «Бізбен бірге» еріктілер мектебінің жетекшісі: «Бүгінгі акцияда сауалнама да жүргізіп жатырмыз, нәтижесінде халықтан ескертулер де естіп жатырмыз, шыныменде кейбір сөздер дөрекі оқылып, жазылады. Десе де көпшілік қолдап жатыр. Ал айтылған ескертулердің жинап, қорытындылап, халықтың ойын жастарымыз арқылы жеткізсек деген жоспар бар.»

Шымкент жастары сөзден іске көшті

42 әріптен 32-ге қысқарған жаңа әліпби кирилицамен қатар пайланылып, сатылап барып үстемдік құрмақ. Рухани жаңғыруымыздың тетігі болып отырған латын қарпін өмірге енгізуде халықтың екіге бөлінбей, қолдау көрсеткен қарқынды қайраты керек.